Әлем • 07 Маусым, 2021

Үндістанда балалар арасында қауіпті синдром тарап жатыр

2229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда коронавируспен ауырып шыққан балалар арасында қауіпті синдром тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндістанда балалар арасында қауіпті синдром тарап жатыр

Ел бойынша 2 мыңнан аса баладан мультижүйелік қоздырғыш синдром (MIS-C) анықталған. Қазір аурудан зардап шеккен баланың 70 пайызына интенсив терапия қажет.

MIS-C көбіне 5-15 жас аралығындағы балаларда коронавирус жұқтырғаннан кейін екі-алты апта аралығында анықталып жатыр. Бастапқыда дене қызуы көтеріліп, артынша органдар қабына бастайды. 

«Салдарынан жүрек, тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін. Аурудан айыққан баланың жағдайы оның мүшелері қаншалықты зақымданғанына байланысты болады. Оны ерте кезден анықтаған дұрыс», дейді Делидегі леди Хардиндж медициналық колледжінің педиатрия бөлімінің директоры Хариш Пемде.

Зерттеу нәтижесі бойынша коронавируспен байланысты MIS-C синдромы анықталған балаларда неврологиялық белгілер байқалған. Көбіне бас ауруы секілді белгі де болған. Бірақ балаларда галлюцинация және сіңірдің тартылуы секілді қауіпті белгілер байқала бастаған. 

Бастапқыда MIS-C Кавасаки ауруымен байланысты деп есептелген.

Айта кетейік, Кавасаки алғаш былтыр сәуірде Ұлыбритания, Италия және Испанияда анықталған.

Өзге де симптомдардан: бөртпе, конъюнктивит, гипотония не шок және коагулопатия белгілері байқалған. Емдеу кезінде иммуноглобулинмен емдеу және кортикостероидтар қолданылып жатыр. Синдром сирек кездескенімен, бала үшін ол вирустан да қауіпті болуы мүмкін.