Спорт • 07 Маусым, 2021

Серік Сәпиев қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жетістіктерін бағалады

1559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өткен апта қазақстандық спортшылар үшін табысты болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Серік Сәпиев қазақстандық спортшылардың өткен аптадағы жетістіктерін бағалады

«Бокстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын иелендік. Әйелдер құрамасы 8 алтын медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасы, өкінішке қарай, нәтиже бойынша сәтті өнер көрсеткен жоқ, алайда шеберліктерін байқатты. «Роланд Гаррос» турнирінде теннисшілеріміз қуантты. Елена Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямсты жеңді. Андрей Голубев пен Александр Бублик турнирдің ширек финалына шықты. Хоккей құрамасына әлем чемпионатының плей-оффқа шығу үшін бір ғана қадам жетпеді, бірақ бұл да үлкен жетістік. Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатында күміс медаль иеленді», деді спикер барлығын жеңістерімен құттықтай отырып.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылар халықаралық гроссмейстер атағы бар Жансая Әбдімәлікті де жақындағы жеңісімен құттықтады.