Өнер • 08 Маусым, 2021

Еске алу концерті өтті

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық ас­паптар оркестрінің ұйытқы болуымен дәулескер күйші, Қа­зақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 75 жыл толуына орай «Күй қаршыға – Күй ғұмыр» атты еске алу концерті өтті.

Еске алу концерті өтті

Қазақтың күй өнерінде Құр­­ман­ғазы, Дәулеткерей се­кілді ұлылардың  сара жолын жал­ғап, өзі де тұғырлы тұлғаға ай­налған Қаршыға ағамыздың орны бөлек. Жасынан әкесінің тәлімін алып, он саусағынан өнер там­ған күйші бала атанған оны Құрманғазы  оркестріне Нұ­рахмет Жорабеков жетек­теп алып келген.  Ол осы ор­кес­трде қызмет істей жү­ріп, кон­серваторияның  ха­лық ас­паптары факультетін тәмам­дай­ды. 1973 жылдан күй атасы атындағы оркестрдің бас домбырашысы, 1988-1991 жылдары оркестр дирижері болды. 1991 жылдан Құрманғазы консерваториясында домбыра кафедрасының меңгерушісі болып, шәкірт тәрбиеледі. Ұлғатты ұстаздық қызметімен бірге, Құр­манғазы, Дәулеткерей, Махам­бет, Дина Нүрпейісова және т.б. күйшілердің шығармаларын но­таға түсіріп, талай ғасыр ұрпақ кә­десіне жарайтын мұра қалдырды.

Атақты күйшіге арналған мазмұнды іс-шара Қаршыға ағамыздың Алматыдағы өзі тұрған үйіне ескерткіш тақ­та­ның қойылуымен басталды.  Оған Мәдениет және спорт ви­це-министрі Нұрғиса Дәуе­шов, Алматы қаласы Мә­дениет бас­қармасының басшысы Ғани Май­­­лыбаев, Құрманғазы ор­кес­трі­нің директоры Медет Қуа­­ны­шев,  Құр­манғазы атын­дағы

консерватория ректоры Арман Жүдебаев қатысып, та­лантты тұлғаның адами бол­мысы мен өнері туралы есте­ліктерімен бөлісті.

Одан кейін тағылымды кеш Қаршыға ағамыз 25 жыл қызмет істеген Құрманғазы атындағы Қа­зақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің концертіне ұласты. Алдымен мұнда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлованың құттықтауы оқыл­ды. Кеш барысында даңқ­ты күйшінің «Күй ұран», «Ақ қайың», «Жер Ана», «Ар­палыс», «Жұлдызым» және т.б бі­регей туындылары орындалып, жи­налғандар ардақты азамат­тың асыл мұрасымен тағы бір қауы­шып, әсерлі көңіл күйге бөленді.

Сонымен бірге жұртшылық кеш аясында  Қаршыға Ахме­дияровтың өнегелі өмірінен сыр шертетін суреттері мен күйшінің жеке тұтынған бұйымдары, қа­сиетті қара домбырасы және мем­лекеттік марапаттары қо­йыл­ған көрмені тамашалады.