«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясы мен американың ірі холдингтарының бірі «ESPN+» эксклюзивті теледидарлық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келісімшартта, АҚШ аумағында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» ұйымдастыратын кәсіпқой бокс турнирларын көрсету құқығымен, 2023 жылға дейінгі келісім бар.
– 2019 жылдан бері компанияның құрылған кезінен бастап, біз Америкадағы «ESPN+» арнасының тікелей эфирінде өзіміздің бес бірдей шоу бағдарламамызды көрсеттік.
Алғашқы рет бокс кешін өткізген кезде Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтанға аты аңызға айналған промоутер Боб Арум мен Ұлыбританияның мақтанышы, әлем чемпионы Билли Джо Сондерс келді. Алдыңғы келісімшарт 10 шілдеде Алматы қаласында өтетін алтыншы турнирдан кейін аяқталу керек болатын. Жаңа келісім 2023 жылдың соңына дейін есептелген.
Бұл келісім бойынша біз Қазақстаннан «ESPN+» теледидарлық желісіне енетін шамамен 9 турнирдің ұйымдастырылатынына кепілдік береміз. Өзіміздің таңдаған стратегиямыздың дұрыстығын дәлелдейтін және америкалық аудиторяның Қазақстан боксшылары мен біздің компанияға деген үлкен қызығушылығын көрсететін, ынтымақтастығымызға өте қуаныштымыз, – дейді «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясының президенті Асқар Салықбаев.
«MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» компаниясы кезекті спорт шарасын 10 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізетіні туралы белгілі болды. Кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет шаршы алаңға шығып, өз атағын қорғайды. Тағы бір басты бәсекеде супер жеңіл салмақтағы шотландиялық боксшы Ли МакГрегор өнер көрсетеді. Сонымен қатар «ESPN+» эфир кестесіне Талғат Шайкен, Нұртас Ажбенов және Сұлтан Заурбектің қатысуымен өтетін кездесулер де еніп отыр. Сонымен қатар кардта «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» менеджерлік компаниясының өкілдері болып табылатын басқа да былғары қолғап шеберлері еніп отыр Олар – Әли Балоев, Бағдат Уайдаев, Рай мен Рахат Сейтжановтар, Нұрбол Сұлтанбай, Абай Төлеш, Нұрдос Төлебай, Айдос Медет, Жансая Рахымберді...
Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту және танымал ету мақсатында «MTK GLOBAL KAZAKHSTAN» «TUKESHOV BOXING PROMOTION» промоутерлік компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстанда 2019 жылдан бері 20-дан астам кәсіпқой бокс кештерін өткізді. Бұл турнирлерге еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 250-ден аса былғары қолғап шеберлері қатысты. Осы кезеңде, Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Қамшыбек Құнқабаев, Тұрсынбай Құлахмет, Нұртас Ажбенов сияқты боксшылар, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерді иеленді.
Дұрыс ұйымдастырылған жүйелі жұмыс, әлемдік спорт қоғамдастығының назарын аударды. Бұның нәтижесі болып, тікелей эфирде Қазақстанда өткізілген 5 ірі турнирды көрсеткен, американың ірі спорт алыбы «ESPN» компаниясымен жасалған келісім-шарт.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар