Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Бұршақ астында қалған бір отар қой қырылып қалды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында бұршақтың астында қалған ұсақ мал қырылып жатыр. Тоқтаусыз жауған жауын-шашыннан қой-ешкі тұра алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұршақ астында қалған бір отар қой қырылып қалды

Шалқар ауданындағы екі ауылда 100-ге жуық ұсақ малы бұрашақтан кейін пышаққа түсіпті. Өйткені жайылымда жүрген ұсақ мал төпелеп жауған жауынды көтере алмай қалған. Шалажансар қой-ешкіні ауылға жеткізіп, тірі қалғанын бауыздап үлгерген.

Мамандар қой-ешкі суықтан тұра алмай қырылғанын айтады. Өйткені тұрғындар оларды ерте қырықтыққа салған, сол себепті төрт түлікке суық өткен. Жүнін әзір қырықпағанда аман қалар еді, дейді ветеринарлар.

«Ұсақ малдарды қырыққаннан кейін жайлауға шығарған. Суық өтіп кеткен малдарды уақытында бауыздап, сойып үлгеріп, етін таратып берген», дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Иса Базаров.