Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қаланың рухани дамуы, қазақылануы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда қазақыланбай, ел қазақыланбайды. Қаланы қазақыландыру үшін ең алдымен тілдік орта керек дейтін болсақ, онда жыл сайын ауылдардан келіп қоныстанып жатқандар көп. Алайда аулада, көшеде балалардың өзге тілде сөйлейтініне куә боп жүрміз.
Осы орайда қала әкімдігі тарапынан жалпы ұлт руханиятына қатысты қандай шаруалар атқаралып жатыр? деген журналистің сұрағына бас шаһардың әкімі Алтай Көлгінов жауап берді.
«Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтсам, нағыз рухани жаңғыруды басымыздан өткеріп жатырмыз десек, артық айтқанымыз емес. Елордадағы жаңа көшелерге Әбіш Кекілбайұлы, Фариза Оңғарсынова есімдері берілсе, қаладағы бірнеше мектеп ұлт зиялыларының атымен атала бастады», деді Алтай Көлгінов.
Әкімнің айтуынша, былтыр оқу орындарына Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жұмабек Ташенов, Мәшһүр Жүсіп, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллиндердің есімдері берілді.
Биыл да ұлт зиялыларының есімдері жаңа мектептерге берілуі үшін республикалық ономастикалық коммисияның шешімін күтіп отыр екен.
«Бұл өскелең ұрпаққа өте қажет дүние. Әлем ұстаздарының бірі әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойлары да карантин талаптары сақтала отырып атап өтілді. Ас та төк той тойлайтын емес, тағылым алып ой ойлайтындай етіп өткізілді деп есептеймін. Пандемияға дейін ұлттық өнеріміз – айтыс тұрақты болып тұрды. Елорда ақын-жазушылары бас қосатын «Жазушылар үйі» Жазушылар одағының астаналық бөліміне берілді», дейді елорда әкімі.
Сонымен қатар Алтай Көлгінов бүгінде онда қала зиялылары түрлі кездесулер өткізіп, ұлт руханиятына өз үлесін қосып жатқанын тілге тиек етті.
«Оң жағалауда «Қаламгерлер аллеясы» ашылды. Ол жерде асылдарымыз, үш бәйтерек – Ілияс, Сәкен, Бейімбет ескерткіштері тұр. Ендігі кезекте осы жерде ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіштер ашу жоспары бар. Бұл ұлт санасын жаңғырту жолында өте маңызды қадам деп білеміз. Күні кеше, 8 мамыр күні елорданың тумасы, даңқты батыр, ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткіші ашылды», дейді ол.
Бұдан өзге, әкім биыл Ыбырай Алтынсарин, Дина Нұрпейісова, Қаныш Сәтбаев сынды ұлт ардақтылары да ұмытылмайтынын және жақында тағы да 40-тан астам көшенің атауы ауысқанын баса айтты.
Түркістанда суға батып кеткен үндістандықтар әлі табылған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 20:01
Ақын Мұхтар Шахановтың 80 жасын тойлау Түркиядан басталды
Руханият • Бүгін, 20:01
Шымкентте ЖШС директоры 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 19:48
Түркияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды
Әлем • Бүгін, 19:23
Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды
Қазақстан • Бүгін, 19:02
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:40
ҚТЖ мен Әлия Назарбаева арасындағы келісімшарт күшін жояды
Қазақстан • Бүгін, 18:22
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
Оқиға • Бүгін, 18:01
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ұқсас жаңалықтар