Оқиға • 08 Маусым, 2021

Қазақстандық боксшыны жекпе-жек алдында пышақтап кетті

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) пен Михаил Коханчик (2-0, 2 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшыны жекпе-жек алдында пышақтап кетті

Сурет: ҚФБ

Бұл кездесу 10 шілде күні Алматыда өтуі керек болатын. Бірақ Михаил Коханчикті белгісіз біреулер пышақтап кеткен. Ол қазір жансақтау бөлімінде екен. 

«Бұл жекпе-жектің өтпейтінін хабарлағым келіп отыр. Маған Михаил Коханчикті пышақтап кеткені туралы хабар келді. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Тез жазылып кетуіне тілектеспін»,  деп жазды Дәурен Елеусінов әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың тамызында мексикалық Хуан Карлос Райгосаға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған еді. Дәурен Елеусінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің туған ағасы. 

Ал Коханчик сәуір айында Қазақстан атынан шығатын тағы бір боксшы, Аян Ағабекпен кездесіп, нокаутпен жеңді. Әуесқойлар арасында ол 2017 жылы Қазақстан чемпионатында Жәнібек Әлімханұлын жеңіп кеткен болатын.