ANTIKOR • 08 Маусым, 2021

Семейде лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікке ілінді

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікке ілінді

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Залал мөлшері анықталады», деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілі.

Хабарламада басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтыны көрсетілген. Түпкілікті үкімді сот шығарады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен мән-жайға талдау жүргізеді, оның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын нормативтік және ұйымдастыру жоспары әзірлененеді», деді ведомство өкілі.