Медицина • 08 Маусым, 2021

Атыраудағы инфекциялық стационарларда 397 науқас жатыр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда инфекциялық стационарлардағы науқастардың отызы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы инфекциялық стационарларда 397 науқас жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жансақтау бөліміне түскен 30 науқастың 6-уы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 397 науқас ем алып жатыр. Стационарларда 2 098 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 18,9%-ды құрап отыр. Ал 81 төсек-орны бар жансақтау бөліміне 30 науқас емделуде. Бұл бөлімдегі жүктеме – 37,0%», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.