Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сол күні Батыс Бенгалияда көптеген адам қаза тауып, зардап шеккен.
Муршидабад және Хугли округтерінде ауа райының қолайсыз жағдайы салдарынан тоғыз адам мерт болған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди адамдардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасы мүшелеріне ақшалай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.