Экология • 08 Маусым, 2021

Алматылық ірі компания 150 түп ағашты кесіп тастаған

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі экоактивист Салтанат Ташимова «Шин-Лайн» компаниясын ағаштарды жаппай кескені үшін айыптап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматылық ірі компания 150 түп ағашты кесіп тастаған

Ол Facebоok парақшасында компания Іле ауданындағы 150 түп ағашты кесіп тастағанын жазды.

«Біз компанияның сот алдында жауапқа тартылғанын қалаймыз. Жаңа заң бойынша 120-150 түп ағашты кескені үшін арнайы жаза қарастырылған», деді қоғам белсендісі.

Десе де, аталмыш компания Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы іргелес аумақта ағаш кесу заңды түрде жүргізілгенін және олардың арнайы рұқсаты бар екенін түсіндірді (2021 жылғы 20 сәуірдегі № KZ43VLQ00009799).

«Барлығы 112 дана ағаш пен бұта кесілген. Өтемдік ағаш отырғызу 10 есе мөлшерде – 1 000 дана көшет жүргізілді. Өтемдік отырғызу орны «Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен бекітілді. 1120 дана жапырақты ағаштарды өтемдік отырғызу Байсерке ауылында орналасқан жалпы ауданы 3000 шаршы метр топырақты жол ауданындағы жер учаскесінде жүзеге асырылды», деп мәлімдеді компания өкілі.

2021 жылдың соңына дейін «Шин-Лайн» ЖШС құрылыс учаскесінде тағы 120 ағаш отырғызу жоспарлап отыр.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар