Әйелдерді жеке тінту барысында салмағы шамамен 5 грамм болатын «скорость» синтетикалық есірткі заты табылды. Ақмола облысынан келген апалы-сіңлілердің Кравцов көшесі бойында жалға алған пәтерін тінту барысында таразы және құпия орынға қалдырып кетуге дайын 15 орама және 90-нан астам дозаға жеткілікті синтетикалық есірткі тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ретте қалалық полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және таратқаны үшін жауапкершілік бар екендігін ескертеді.