Талай дүбірлі додада жеңіс тұғырына көтеріліп, Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов тұсаукесер кездесуінде мексикалық Гильберто Кардосаны қапы қалдырғанымен, келесі бәсекеде ресейлік Махамадбек Махмадбековке есе жіберді.
Сол секілді Аңсарбек Ғайнуллин де екінші кезеңінен аса алмады. Алғашында черногориялық Марко Гусичтен айласын асырғанымен, іле-шала болгариялық Марко Христовтан жеңілді.
57 кило салмақтағы Севара Нышанбаева бірінші кезеңде ОАР өкілі Донне Брейтенбахтан басым түсті. Алайда екінші айналымда ол германиялық Терреса Столға жол берді.