Теннис • 09 Маусым, 2021

Жартылай финалға шықты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Ролан Гар­рос турнирінің жұптық бәсекесінде жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалға шықты

Қазақстандық жұп Франция ашық чем­пионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис пен германиялық Тим Пюцпен күш сынасты. А.Бублик пен А.Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Кейіннен жерлестеріміз тағы бір брейк жасап, есепті 5:2-ге жеткізді. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қыс­қартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4. Жерлестеріміз екінші сетте де 2:0 есебімен алға шығып алды. Матч со­ңына дейін осы басымдықты сақтап қалған қазақ­стандық жұп кездесуді сәтті аяқтады – 6:4. Бәсеке 1 сағат 16 минутта аяқталды. А.Бублик пен А.Голубев финалға шығу үшін испаниялық Пабло Андухар және Педро Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сонымен қатар Елена Рыбакина да жұп­тық сында турнирдің ширек финалына шық­ты. Қазақстандық теннисші ресейлік Анас­тасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда америкалық Николь Меличар мен нидерландтық Деми Схюрсті 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың төртінші айналымында ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстандық-ре­сейлік жұп жартылай финалға өту үшін Поль­ша өкілі Магда Линетт пен америкалық Бер­нарда Перамен шеберлік байқасады.