Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының мәліметі бойынша, Мария Овчинникова Алматыда өтіп жатқан ел чемпионатында үш қарғып секіру жарысы бойынша Олимпиада нормативін орындап, ел қоржынына кезекті лицензияны салды. Овчинникова Алматыдағы ішкі чемпионатта 14.34 метр нәтиже көрсетті. Бұл – жеңіл атлеттердің бесінші лицензиясы. Бүгінге дейін қазақстандық жеңіл атлетика өкілдерінен Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Георгий Шейко, Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон) Олимпиада жолдамасын иеленген болатын.
Ал әзірше ел қоржынында спорттың 30 түрінен 63 жолдама бар.