Хоккей • 09 Маусым, 2021

«Барыс» екі қорғаушысымен қоштасты

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» маусымаралық үзілісте тағы екі қор­ғаушысымен қоштасты.

«Барыс»  екі қорғаушысымен қоштасты

Жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алып, Латвияда өткен әлем чемпионатында ұлттық құрамадағы дебютін жасаған Виктор Сведберг алдағы маусымнан бас­тап Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін болды. Келісімшарт 3 жылға жоспарланған. Кейінгі үш маусымнан бері «Барыс» клубында ойнаған қорғаушы ҚХЛ-да 84 матч өткізіп, 22 (6+16) ұпай жинаған.

Сондай-ақ ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Леонид Метальников те мансабын ресейлік клубта жалғастыратын болды. Өскемен хоккей мектебінің түлегі енді Владивостоктың «Адмирал» клубының намысын қорғайды. Айта кетейік, Метальников былтыр желтоқсан айында жарақат алып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалған болатын. Осы жарақатының салдарынан ол Ригадағы әлем чемпионатына да қатыса алмады.

Соңғы жаңалықтар