Экология • 09 Маусым, 2021

Қазақстан арабтарға жойылу қаупі бар құстарды аулауға рұқсат берді

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде арабтарға дуадақтарды аулауға рұқсат етіледі. Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар жүйесі комитеті арнайы қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан арабтарға жойылу қаупі бар құстарды аулауға рұқсат берді

2021 жылдың 1 қыркүйек пен 15 қараша аралығында 300-ге жуық жойылу қаупі бар дуадақты аулауға рұқсат берілген. Біріккен Араб әмірліктері және Катар әмірімен жасалған келісімге сай, олар әр құс үшін 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлейді. Мемлекеттер ерекше қорғалатын аумақтарға қызмет көрсету үшін елімізге 2 млрд доллар көлемінде инвестиция құйыпты. 2008 жылдан бері арабтарға жек дуадаққа сұңқар салуға рұқсат берілді. Түскен қаражатқа 4 қорық аймағы құрылған.

«Түркістан облысындағы Шаян ауданында питомник салынған. Қазіргі таңда жылына 5 мың бас жек дуадақты бағуға мүмкіндігі бар. Басқа да питомниктердің осы жек дуадақтың көші-қон ареалындағы құстарды бізге әкеліп, Қазақстанға да жібереді. Біздің питомникте жылына 5000 бас шығарылып отырса, бұл кісілердің алатыны 300-ге жуық», деп мәлімдеді ҚР Экология министрлігі басқармасының бас сарапшысы Асқар Абдрахманов.