Қоғам • 09 Маусым, 2021

Алматыда Қажымұқан көшесі уақытша жабылады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Қажымұқан көшесі уақытша жабылады

10 маусым таңғы сағат 9:00 -ден 11 маусым кешкі сағат 18:00-ге дейін Медеу ауданындағы Қажымұқан көшесінің солтүстік жағында Сапар Байжанов көшесінен Госпиталь көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

«Бұл шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астында өтетін ескірген магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

 

Соңғы жаңалықтар