Спорт • 09 Маусым, 2021

Дзюдо: Төртінші жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, яғни жарыстың төртінші күні ерлер 81 кило және әйелдер 63 кило салмақ дәрежелерінің жүлделері үшін таласты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдо: Төртінші жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Ерлер арасында бас жүлде үшін бельгиялық Маттис Каас пен грузиялық Тото Григалашвили айқасты. Шиеленісті бәсекенің қосымша уақытында Каас жеңіске жетті. Қола медаль үшін бәсекеде нидерландтық Франк де Вит жапониялық Сатаро Фудзивараны ұтса, португалиялық Анри Эгутизде өзбекстандық Шарофиддин Балтобоевтан басым түсті. 

с

Әйелдер сайысында Кларисс Агбеньенуге тең келер ешкім табылмады. Атағы жер жарған Франция дзюдошысы барлық қарсыласын бет қаратпай ұтып, ақтық  сында словакиялық Андрея Лекшкиден басым түсті. Осылайша, Агбеньену алтыннан алқа тағынды. Ал нидерландтық Санне Вермер мен сербиялық Аня Обрадович қола медальді иеленді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін біздің балуандар арасынан тек Дидар Хамза өнер көрсетті. Тұсаукесер кездесуінде ливандық Насиф Элиасты жеңген ол келесі айналымда болгариялық Ивайло Ивановқа есе жіберді.