Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Петропавлда суға батып бара жатқан екі адам құтқарылды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында тәртіп сақшысы Есіл өзенінде суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда суға батып бара жатқан екі адам құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамыр айының соңында бірінші полиция бөлімі кезекшісінің көмекшісі Мейірман Төлебаев жұмыстан бос уақытта Есіл өзені жақта демалып жүрген. Бір кезде адамдардың көмекке шақырған даусын естиді.

Оқиға орнына жеткен аға сержант жағадан 20 метрдей жерде адамдардың суға батып бара жатқанын байқайды. Ол алдымен жас қызды, одан соң ес-түссіз ер адамды алып шыққан, жағаға жақындай бергенде оған таныс қыз көмектескен. Мейірман ер адамға жасанды демалу және жүрегіне массаж жасаған.