Оқиға • 10 Маусым, 2021

Ақтөбе облысында ауыл клубы өртеніп кетті

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қотыртас ауылында клуб өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында ауыл клубы өртеніп кетті

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 9 маусым күні сағат 18:37-де Шалқар ауданы, Қотыртас ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан ауыл клубы отқа оранған.

«Алдымен шатыры жанды. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт сағат 21:50-де ауыздықталып, 22:10-да толық сөндірілді. Жалпы аумағы – 187 шаршы метр», деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар