Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды.
Содан кейін президенттер ресми делегациялардың мүшелерін бір-бірімен таныстырды. Құрметті қарауыл екі мемлекет басшыларының алдында жүріп өтті.
Салтанатты рәсімнің соңында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмонның жеке кездесуі басталды, оның барысында көшбасшылар өзбек-тәжік стратегиялық серіктестігі мен сан қырлы өзара іс-қимылдың барлық спектрін егжей-тегжейлі қарастырып, сындарлы саяси байланысты одан әрі тереңдетуге ерекше назар аударды. Әңгіме кезінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту тақырыптары сөз болды.
Орталық Азиядағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық және аймақтық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Шавкат Мирзиёев шақырғанына және жылы шырайда қарсы алғаны үшін әріптесіне ризашылығын білдіріп, бүгінде өзбек-тәжік қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да бұл сапардың маңызы зор екенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, Мирзиёев Эмомали Рахмонды Өзбекстанға шақырды.