Әлем • 10 Маусым, 2021

Иран Сирияға 1,4 миллион баррель мұнай жіберді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Сирияның Башар Асад режимі бақылауындағы провинцияларына елдің стратегиялық активтері мен ресурстарына ықпалын күшейту үшін мұнай жеткізуді көбейтіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Иран Сирияға 1,4 миллион баррель мұнай жіберді

Алдағы бір тәулік ішінде Сирияның Банияс портына 1,4 миллион баррель шикі мұнай құйылған тағы екі ирандық танкер келеді.

Twitter-дегі Tanker Trackers парақшасында Ираннан Сирияға шикі мұнай тасымалдайтын үш мұнай танкері жайлы хабарланды.

Суэц каналы бойымен Сирияға қарай тағы 300 мың баррель сыйымдылығы бар танкер келе жатыр.

Айта кетейік, соңғы бірнеше айда Иран жанармай Башар Асад режимінің бақылауындағы аймақтарға шамамен 5 миллион баррель шикі мұнай жөнелткен.