Әлем • 10 Маусым, 2021

Моңғолияның жаңа президенті кім болмақ?

775 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

9 маусым, сәрсенбіде Моңғолиядағы президент сайлауының алдын ала мәліметтері бойынша, басқарушы Халықтық партияның бас хатшысы Ухнаагийн Хурэлсух алда келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Моңғолияның жаңа президенті кім болмақ?

Мемлекеттік сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Хурэлсух 68 пайыз дауысқа ие болған. Дауыс беруге қатысқан 1 075 000 сайлаушының 820 мыңнан астамы Ухнаагийн Хурэлсухқа дауыс берген.

Биылғы жылдың басындағы наразылықтардан кейін премьер-министрліктен кетуге мәжбүр болған Хурлэсух оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Содномзундуин Эрдене мен «Оң адам - ​​электорат» коалициясының мүшесі Дангаасуренгиин Энхбатомды басып озды. Бұл жайында елдің Бас сайлау комиссиясы хабарлаған.

Моңғолияның бұрынғы премьер-министрі Ухнаагиин Хурэлсух демократиялық жолмен сайланған алтыншы президент болмақ. Әрі басқарушы Моңғолия Халықтық партиясының позициясын одан әрі нығайтады деген болжам бар.

Ол президенттің қызмет ету мерзімін бірнеше мерзімге шектейтін конституциялық өзгерістерден кейін қайта сайлау мүмкіндігінен айырылған Халтмаагийн Баттулганың орнына келеді.

Ухнаагийн Хурелсух 1968 жылы Улан-Баторда дүниеге келген. Моңғолия әскери университетін (қазіргі ел астанасындағы Моңғолия қорғаныс университеті) 1989 жылы саяси білім беру мамандығы бойынша бітірген.

Ол Мемлекеттік басқару және көшбасшылық институтында және Моңғолия Ұлттық университетінде мемлекеттік басқару бойынша білім алып шыққан.

2017 жылдың 21 қарашасынан бастап Моңғолия Халықтық партиясы (МНП) Орталық Комитетінің төрағасы болды. 2017 жылғы қазаннан бастап 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін Монғолияның премьер-министрі қызметтерін атқарған.

Бұрын ол сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі (2004 жылдан 2006 жылға дейін), инспекция министрі (2006 жылдан 2008 жылға дейін), Моңғолия премьер-министрінің орынбасары (2014-2015 және 2016-2017 жылдары) секілді лауазымдарда болған.

Хурэлсух 2021 жылы 21 қаңтарда COVID-19 жұқтырған және жаңа босанған ананы қыстық киімсіз тасымалдауға байланысты басталған наразылықтардан кейін премьер-министр қызметінен кететіндігін мәлімдеген еді.

Бақылаушылар оның отставкаға кетуінің нақты себебін «президент болуға деген ұмтылыс» деп бағалады.

Хурэлсухтың сайлау науқанындағы ұраны: «Моңғолия - өз байлығының қожайыны».

Қолдаушылар арасында ол «полковник Хурэлсух», ал сыншылар арасында «Путинге еліктегіш» ретінде танымал тұлға екенін айта кетейік.