Оқиға • 10 Маусым, 2021

Ақша беріп қылмысын жасырмақ болған түркістандық педофил сотталды

2076 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 29 жастағы ер адам 15 жастағы жиеніне зорлық-зомбылық жасап, кейін болған жағдайды ешкімге айтпауы үшін оған ақша берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақша беріп қылмысын жасырмақ болған түркістандық педофил сотталды

Қылмыстық іс мәліметтері бойынша, анасы қызының қолында біршама қолма-қол ақша болғанын байқап қалған. Әйел қызынан ақшаны қайдан алғанын сұрайды, жасөспірім болған жағдайды анасынан жасыруға тырыспақ болады, алайда көп уақыт өтпей шындықтың беті ашылады.

Оқиға былтыр қыркүйекте болған. Түркістан облысының тұрғыны дереу құқық қорғау органдарына жүгінді. Күдікті дереу ұсталып, кейін соттың шешімімен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 3-1 бөлігі, 1 тармағы (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кінә дәлелденіп ер адам қылмысын толықтай мойындады.

Тергеу барысында оның қылмысының басқа да дәлелдемелері жиналды. Жасөспірім мен оның анасына арнайы психотерапиялық көмек көрсетілді.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол мерзімін ең жоғары қауіпсіздік пенитенциарлық жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айыпталушы өзіне тағылған шешімге келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірді. Қазір оны Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарап жатыр.