Бизнес • 10 Маусым, 2021

Қорғаста контейнерлік тасымалға арналған трекинг жасау қажет – Президент

43 рет көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қорғас бекетінде контейнерлердің толассыз қозғалысын қамтамасыз ететін трекинг орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Мен Үкіметке шекарада – атап айтқанда, Қорғаста нақты орналасқан жері, жол жүру уақыты, кідірістер көрсетілетін контейнерлер трекингін енгізуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тілге тиек еткендей, ақпараттық жүйе Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және басқа да көршілермен құрылатын барлық еркін сауда орталықтарында жұмыс істеуі тиіс.

«Қазір көлік коммуникациялары Үкімет саясатындағы басымдық болып табылады. Осы бағдарламаның іске асырылуын өзім тікелей бақылаймын», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент соңғы 10 жылда Қазақстан жаһандық көлік дәліздерінде қуатты инфрақұрылымдық шеңбер құрғанын еске салды.

«2020 жылы транзиттік теміржол тасымалының көлемі 17 пайызға өсті. Өсімнің басты факторы контейнерлік тасымал болды. Қазақстанның теміржол тасымалындағы әлеуетін барынша пайдаланудың жаңа міндеттері пайда болып отыр. Былтыр 900 мыңға жуық контейнер тасымалданды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 32 пайызға жоғары. Оның 91 пайызы Қытай-Еуропа, Еуропа-Қытай бағытына тиесілі. Теміржол, автомобиль тасымалы мен құбыр арқылы тасымал бойынша көрсетілген қызметтердің үлесі транспорттық қызметтердің 67 пайызын құрады. Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық тасымалдың маңызды буынына айналды деп сеніммен айтуға болады. Қазақстан Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» жаһандық жобасын іске асырудағы маңызды әрі жетекші серіктесі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой отставкаға кете ме?

Қазақстан • Бүгін, 15:37

Кеңестердің қызмет аясы кеңейді

Қазақстан • Бүгін, 08:37

5 жылда – 2 млрд ағаш

Қазақстан • Бүгін, 08:36

Сүт зауытындағы сынақ

Аймақтар • Бүгін, 08:27

«Қара бауыр қасқалдақ»

Руханият • Бүгін, 08:25

Екідің маңындағы ескерткіштер

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Күй – қазақтың қазынасы

Руханият • Бүгін, 08:19

Жүрек жылуы жан жадыратады

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Донор болу – үлкен дәреже

Қоғам • Бүгін, 08:14

Ұқсас жаңалықтар