Президент • 10 Маусым, 2021

Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру үшін жаңа нарықтарды игеру керек – Президент

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Шетелдік инвесторлар кеңесінде көтерілген мәселелер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру үшін жаңа нарықтарды игеру керек – Президент

«Шикізаттық емес экспортты дамытуға арналған Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткіздім. Экономиканы қайта қалпына келтіруді ескере отырып, цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізумен, жаңа экспорт нарықтарын игерумен және көлік әлеуетін дамытумен айналысу қажет», деп жазды Мемлекет басшысы.