Коронавирус • 11 Маусым, 2021

Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «қызыл» аймақта әлі тек Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.