Спорт • 11 Маусым, 2021

Арман Оспанов PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутқа түсті

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі бірінші жекпе-жегінде америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Арман Оспанов PFL-дағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутқа түсті

Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды. Арман қарсыласын нокдаунға түсіріп үлгерген, алайда бірер сәттен соң америкалық қарымта шабуылда Оспановты нокаутқа түсірді.

Осылайша, Арман Оспанов Америкадағы алғашқы айқасында жеңілді. Ол мансабында төртінші рет жеңіліп отыр.