Қазақстан • 11 Маусым, 2021

Елімізде алты айдың ішінде 84 жасөспірім суицид жасаған

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2021 жылы 84 бала өз-өзіне қол жұмсады. Сондай-ақ суицид жасауға талпынған 164 адамның әрекеті дер кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде алты айдың ішінде 84 жасөспірім суицид жасаған

«Биыл суицидке қатысы 248 оқиға тіркелді. Себептері әр түрлі: туыстарымен болған қақтығыстар әрбір үшінші жағдайды құрайды. Бұдан бөлек жалғыздық сезімі - 12%, достармен қарым-қатынастың үзілуі - 10%, оқу орнындағы жанжал мен қолайсыз қаржылық жағдайлар деңгейі - 3%-ды көрсетіп отыр», деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, жаз мезгілінің басталуымен балалардың жазатайым оқиғалары көбейген. Көбінесе сәбилер терезелерден құлап кетеді. Осындай 30 факт тіркелген. Салдарынан 6 бала қайтыс болып, 24-і түрлі дене жарақаттарын алған.