Ведомство басшысының мәліметінше, қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу тәжірибесі кеңеюде.
«Өткен жылы қылмыстық істердің 50%-ы осы нысанда тергелді. Ағымдағы жылы - 70%. Жыл соңына дейін электрондық тергеуге 100% көшу жоспарлануда. Осылайша, тергеу мерзімдері қысқарады, азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылау және қорғау деңгейі артады. Заңдылықты бұзу жағдайлары алынып тасталады», деді Е.Тұрғымбаев.
Қазақстан ТМД-да сотқа дейінгі өндірісті цифрландыруды бастаған алғашқы ел.