Оқиға • 11 Маусым, 2021

Өскеменде із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде із-түзсіз жоғалған әйелдің денесі табылды

ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын.

Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады.

«Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомство өкілдері.