Оқиға • 12 Маусым, 2021

Қызылордада жол апатынан 6 адам зардап шекті

105 рет көрсетілді

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тасжолының Шиелі ауданы аумағындағы бөлігінде белгісіз адамдар жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашып тастаған. Бұл жол-көлік оқиғасының болуына алып келді, деп жазады Egemen.kz

Оқиға 11 маусымда Шиелі ауданындағы R-10 каналы тұсында болған. Сол аумақта жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл автокөлікте келе жатқан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.

«Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес құжаттар жинақталуда. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашу дерегі бойынша кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жұмысы басталды. Жол апатына қатысты 2 автокөлік айып тұрағына жеткізілді» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес құжат жиналып жатыр. Онда жолаушы және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау жағдайы көрсетілген. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Елімізде 5,5 млн адам вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:20

Нұрханның домбырасы

Өнер • Бүгін, 09:05

Төрт дүркін чемпион

TOKYO2020 • Бүгін, 09:04

Бір өзі – бір мемлекет

TOKYO2020 • Бүгін, 09:00

Әмиян ақшасыз қалды

Қаржы • Бүгін, 08:47

Сақтық талапқа сай емес

Коронавирус • Бүгін, 08:37

Әскери дәрігерлер көмекке келді

Коронавирус • Бүгін, 08:28

Даярлықтарын жетілдірді

Қоғам • Бүгін, 08:21

«Ордалы отыз іс»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 08:17

Ұқсас жаңалықтар