Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 10 маусым күні сағат 22.43-те Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылы маңында жылдамдықты шектен тыс асырған «LTM 175» мотоциклінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, аударылып кеткен.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тексеру барысында Әуелбек ауылы ЖОМ 7-сынып оқушысы, 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың кеш уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз шыққанын анықтады. Бұған қоса, ешқандай құқықтары мен жүргізу дағдылары да болмаған, - деді полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.