Жол-көлік оқиғасы 11 маусымда сағат 17:25 шамасында Меновное ауылының Ярославская көшесінде болған.
- SKODA маркалы автокөліктің 31 жастағы жүргізушісінің жылдамдықты шектен тыс асыруының салдарынан ГАЗ 3110, TOYOTA, MAZDА, SUZUKI көліктері соқтығысқан. Жол апаты орын алған жерге бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері келіп жетті. Екі жүргізуші мен бір жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.