Ауа райы • 13 Маусым, 2021

13 маусымға арналған ауа райы болжамы

51 рет көрсетілді

13 маусым күні Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал елдің қалған бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын болжанады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің батысында бұршақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 25 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай болады. Жел 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама

Егемен Қазақстан • Кеше

Доллар тағы да арзандады

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар