Қоғам • 14 Маусым, 2021

Алматыда Бұқар Жырау көшесі уақытша жабылады

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Бұқар Жырау көшесі бір күнге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Бұқар Жырау көшесі уақытша жабылады

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, уақытша жабылған көшенің бір бөлігінде жылу желілері қалпына келтіріледі.

«16 маусым таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін Бұқар Жырау көшесі Римский-Қорсақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.