Бала екі аптаға жуық пневмониядан емделген болатын. Осы аралықта ауруханаға ешқандай туысы іздеп келмеген. Сондықтан оны балалар үйіне жіберу туралы шешім шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, бөбектің қазіргі жағдайы жақсы. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын баласын сатпақ болған келіншек ұсталған еді. «Көкек ана» қазір тергелуде.
«Біз қаулы дайындаймыз. Негізі баланы орналастыру үшін арнайы ресми құжат болады. Сол құжаттардың кішкене кешігіңкіреп дайындалуына байланысты біз баланы бүгін орналастырайын деп отырмыз. Бүгінге дейін баланың ешқандай туысы келген жоқ. Біз де анасына қылмыстық іс қозғалып жатқаннан кейін баланы тікелей Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйіне орналастыруды дұрыс деп шештік», деді қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.