Әлем • 14 Маусым, 2021

Австралиядағы автокөлік жарысында оқыс оқиға болды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияның солтүстік территориясында орналасқан шөлді аймақтағы жарыс кезінде автокөлік көрермендерді басып кеткен. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті полицияның ақпаратына сілтеме жасап.

Австралиядағы автокөлік жарысында оқыс оқиға болды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік жарыс жолында жоғары жылдамдықпен көрермендер тобына бұрылып кеткен. 

«Солтүстік территорияның полициясы Финкедегі шөлді жарыс кезінде бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған апаттың куәгерлерін іздестіреді», делінген полиция сайтының хабарламасында. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 60 жастағы жарыс көрермені оқиға орнында қайтыс болған. 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен Элис Спрингс ауруханасына жеткізілді. Ал әйел жүргізуші жеңіл жарақат алған. 

Апат орны қоршауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.