Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері Н.Назарбаев даңғылы бойындағы «Шаңырақ» МҮ ауданында салынып жатқан объектіде заңсыз еңбек еткен адамдарды анықтаған.
- Күндізгі уақытта Өзбекстан Республикасының сегіз азаматы көп қабатты алты кіреберісті үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізген. Полиция қызметкерлерін көрген кезде шетелдік жұмысшылар салынып жатқан үйдің қабаттарында жасырынып қашуға асықты. Алайда полицейлер барлығын ұстады. Ұсталған Өзбекстан азаматтарының жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметімен айналысуға рұқсаты бар екендігі анықталды. Бұл жағдайда шетелдіктер заң талаптарын бұза отырып, заңды тұлға нысанында қызмет атқарған, – деп хабарлады Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.
Құрылыс нысанында жұмыс берушіге ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес әкімшілік қамауға алынады немесе елден шығарылады. Енді сот барлық айыпталушыларға қатысты үкім шығаруы керек.