Қоғам • 15 Маусым, 2021

Қоғамдық кеңестер құрылды

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әдістемелік қолдауымен KazakhInvest, «Қа­зақстан Ғарыш сапары» және Kazakh­Export ұлттық компанияларында Қоғамдық кеңестер құрылды.

Қоғамдық кеңестер құрылды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің, QazExpoCongress, «Қазгеология», «ҚазАвтоЖол», «Қазақ­стан Инжиниринг», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», KazakhTourism, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ұлттық компанияларында да Қоғамдық кеңестер құру рәсімі жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қабылданған «Қоғам­дық кеңестер туралы» Заңға енгізілген түзетулердің нәти­жесінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 13 Қо­ғамдық кеңес құрылуда. Олардың құрылуына мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалмайтынын атап өту қажет.

«Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының Қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың жетеуі азаматтық қоғам өкілдері, олардың ішінде профессор, ҰҒА академигі, Халықаралық астро­навтика және космонавтика академиясының акаде­мигі Мейірбек Молдабеков, Халықаралық байланыс ака­демиясының академигі Симбай Дүйсенов, профессор, «ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы» ЗТБ құ­рылтайшысы Абзал Жамалов және тағы басқалар бар.

KazakhInvest ұлттық компаниясының Қоғамдық кеңе­сінің құрамына азаматтық қоғамның 9 өкілі кірді, олардың ішінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауым­дастығы» ЗТБ өкілі Әліби Өтеулов, Қазақстан қаптау­шылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров, Қазақстандық автобизнес қауымдас­ты­ғының вице-президенті Анар Мақашева, «Ұлттық корпоративтік басқару академиясы» РҚБ атқарушы директоры Лаура Шашпан және басқа да белгілі азаматтар бар.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл ке­зеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимем­лекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарас­тыруды тапсырды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, оларды квазимемлекеттік сектордың жұмысына тартуды көздейтін түзетулер қабылданды.