Аймақтар • 15 Маусым, 2021

Маңызды жобалар талқыланды

260 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында «Қайнар-АКБ» компаниясының жаңа аккумулятор зауыты салынатын болды. Облыс әкімдігінде инвестиция тарту бойынша өткен аймақтық кеңес отырысына жалпы құны 458 млрд теңгені құрайтын бес жоба талқыланды.

Маңызды жобалар талқыланды

«Қайнар-АКБ» ЖШС-нің об­лыста салғалы отырған жаңа зауы­тының қуаты жылына 1,2 млн қор­ғасынды-сілтілі аккумулятор шы­ғаруға жетеді. Компания бұл іске 40 млн доллардай қаржы құю­ды жоспарлаған. Құрылыс жұ­мысы 2022 жылдың екінші тоқ­са­нында басталып, 2023 жылдың басында за­уыт іске қосылмақ.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалы­ғымен өткен инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директорының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов аккумулятор бата­реяларын өндіретін зауыттың жо­басын онлайн таныстырып өтті. Оның айтуынша, бұл зауытта 300 адам тұрақты жұмыс істейтін бо­лады. Зауыт өнімі Еуроодақ елде­ріне, Ресей мен Кавказға экспорт­талады деп жоспарланған. Мұн­да аккумулятордың Kainar, Unikum, Bars, Nomad, Во­жак секілді танымал түрлері шы­ға­рыл­мақ. Инвестор жергілікті би­лік­тен Орал қаласы аумағынан те­мір жол желісі, су, газ, кәріз жүйесі тар­тыл­ған жер телімін бөлуді сұрап отыр.

45 жылдық тарихы бар, өнімі 15 мемлекетке экспортталып жатқан зауыттың Ақжайық өңіріндегі жобасын кеңес мүшелері бір ауыздан қолдады. Одан кейін өңір басшысы мен «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Серікбай Әжмағамбетов екіжақты меморандумға қол қойды.

Ал Dariyn Pro Invest Group ком­­паниясы Орал қаласындағы ескі спирт зауыты аумағынан өңірдегі кәсіпкерлікті дамыта түсетін өн­діріс базасын жасақтауға ниет біл­дірді. Бұл компания алдағы екі жыл ішін­де 500 млн теңге инвестиция тартып, кемінде 40 адамды жұмыспен қамтымақ. Орал қаласынан 5 шақы­рым жерде ор­наласқан 9 гектар аумақта 20 мың шаршы метр өндіріс алаңы жасақталып, қоймалар мен сау­да орындары, кеңсе ғимараттары келушілерге жалға беріледі деп кү­­тілген. Кәсіпорын өндіріс база­сы аумағынан жылыжай салып, онда өсірілген жеміс-жидекті өң­деп, кеп­тіретін орын салуды да жоспарлаған.

Ақжайық ауданындағы Сати­мола және Теректі ауданына қарасты Шалқар кен орындары маңынан калий тыңайтқышын өндіретін зауыт салу жөніндегі инвест жобасын SRPM Resources Ltd ЖШС ұсынып отыр. Кәсіп­орын бұл жобаға 436 млрд теңге қаржы құймақ. Зауыттың толық қуаты – жылына 4,7 млн тонна ка­лий тыңайтқышын өндіруге же­теді. Әрі онда 1300-ден астам жұ­мыс орны ашылмақ. Серіктестік инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін екі аудан аумағынан жер телімін сұрап отыр.

Орал қаласынан маммология жә­не аллергология бағытында ем­­­дейтін DiVera медициналық орта­­­лығын салу жөнінде жоба­ны «КДЛ ОЛИМП» ЖШС ұсы­нып отыр. Мұндай орталық бұ­ған де­­йін Қарағанды, Атырау, Шым­­кент, Ақтөбе, Талдықорған қа­ла­­­ла­рында ашылған. Инвестор Орал қаласындағы «Алтын ғасыр» мейрам­ханасының ғимаратын ме­ди­ци­налық орталыққа айналды­ру­ды жоспарлап та қойған екен. Медициналық орталықта 50 маман жұмыс істейді. Бүгінде жиі кез­десетін әйел адамдардағы сүт безі ауруларын ерте анықтауға, ал­лергиялық дерттерді емдеуге ниет етіп отырған жаңа орталықтың қыз­метіне сұраныс бар.

Осы отырыста оралдық «Кук­сов» жеке кәсіпкерлігі Шалқар көлі жағасынан туристік демалыс орнын ашу жобасын ортаға салды. Бұл жобаға 5 жыл ішінде 3 млрд теңге қаражат құйылып, көл жағасында демалыс орындары, киіз үйлер мен заманауи шатырлар орнатылмақ. Сондай-ақ кәсіпкер көлге шабақ жіберіп, балық шаруашылығын да дамытқысы келіп отыр екен.

– Бүгінгі аймақтық кеңес оты­рысына жалпы құны 458 млрд теңгені құрайтын бес жоба ұсы­нылды. Бұл инвест жобалар сәтті жүзеге асырылған жағдайда екі мың­нан астам жұмыс орны ашылатын болады. Ауыл шаруашылығын өркендету, машина жасау саласын жетілдіре түсу, туризмді дамыту, минералды тыңайтқыштар өндіру секілді жобалар біздің өңір үшін өте маңызды. Сондықтан аталған инвест жобалардың барлығын жан-жақты қолдайтын боламыз, – дейді Ғали Есқалиев.

 

Батыс Қазақстан облысы