«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шаңды дауыл болады.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында бұршақ болжанады.
Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы ықтимал.
Қызылорда, Павлодар облыстары, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.