Қазақстан • 15 Маусым, 2021

Кәсіпорындарда жазатайым оқиғадан 564 адам зардап шекті

14 рет көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл жыл басынан бері өндірістік жарақаттану деңгейі 1 мың адамға 0,08 құрады (2020 жылғы 5 айда – 0,07). Осы жылғы қаңтар-мамырда республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 564 адам зардап шекті, оның 19,5%-ы тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында, 4,5%-ы коммуналдық шаруашылықта және 10%-ы – құрылыс саласында. Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сақталуда. Бұл көрсеткіштің төмендеуінің оң серпіні Қостанай және Павлодар облыстарында байқалады.

Отырыста Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары бекітілді. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелді азайту бойынша жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік біліктілік пен ғылыми әлеуетті, әлеуметтік әріптестікті дамытуды көздейді. Жоспарды іске асыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану 10%-ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 20%-ға дейін төмендейді деп болжанған.

«Өндірістік кәсіпорындарда халықаралық «Vizion Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет. Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби сын-тегеуріндерді бағалау және басқару жүйесін енгізу қажет», деді А. Мамин.

Премьер-Министр тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласы кәсіпорындарына ерекше назар аудара отырып, өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

Үкімет басшысы осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік бойынша өзін-өзі бақылауға онлайн-платформа әзірлеуді, сондай-ақ Үкіметтің қарауына еңбек жағдайларын жақсартуда жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыруды арттыру тұрғысынан заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қауіпті өндірістік объектілердегі апаттылықты азайту жөніндегі жол картасын бекіту тапсырылды.

Өңірлердің әкімдіктеріне де кәсіпорындармен бірлесіп, биылғы 1 қыркүйекке дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жол карталарын бекіту тапсырылды.

Премьер-Министр сондай-ақ осы жылдың соңына дейін кәсіпорындармен өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарын жасасу бойынша жұмыс жүргізуді міндеттеді,

Соңғы жаңалықтар

Ертеңін ойлаған екпе алады

Коронавирус • Бүгін, 16:53

Ұқсас жаңалықтар