Спорт • 15 Маусым, 2021

Спорттық гимнасшыларымыз Осиектен олжалы оралды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан өткен әлем кубогының кезеңдік сайысында Қазақстанның өрендері табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорттық гимнасшыларымыз Осиектен олжалы оралды

Төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған 31 мемлекеттің өрендері бас қосқан жарыста Милад Карими бірнеше рет жеңіс тұғырына көтеріліп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, еркін сайыста алтын алған ол «брусьяда» күміс және қолды тіреп жасалатын жаттығуда қола медальді мойнына ілді.

Нариман Құрбанов ат снарядында үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Фарух Набиев жаттығулардың бірінде финалдық бәсекеде күш сынасу құрметіне ие болды. Бірақ ол шешуші сында өз мүмкіндігін толықтай паш ете алмай, жүлдегелер қатарынан тыс қалды.