Оқиға • 15 Маусым, 2021

Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті қамалды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті қамалды

Оның айтуынша, Атырауда жыл басынан бері 78 пәтер ұрлығы тіркелген. Пәтер ұрлығына қатысы бар 15 адам есепке алынып отыр.

«Тұрғындардың жеке мүліктерін ұрлау деректері әсіресе қала аумағында орналасқан  пәтерлер мен жеке меншік үйлердің терезесін майыстыру, кілтін үйлестіру немесе есігін бұзып кіру арқылы орын алып отыр. Мәселен, 11 маусымда белгісіз адам Атырау қаласының Владимирский көшесіндегі пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, Сьерра-Леоне елінен келген 19 жастағы бойжеткеннің қара түсті сөмкесінен жалпы құны 3 100 АҚШ долларын (1 325 343 теңге) жасырын жымқырып, қашып кеткен. Жедел іздестіру кезінде Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні  анықтап, ұстады. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», дейді Қамза Үмбетқалиев.