Онда жұртшылыққа еліміздің орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жобаны іске асыру барысы туралы хабардар етілді. Бұл ауқымды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.
Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР ЭГТРМ облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарларын әзірледі.
Осындай кешенді жоспарлар табиғатты қорғау мекемелері мен ОШЖДК ведомстволық бағынысты ұйымдарында әзірленді.
Жоспарда облыс әкімдіктерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман пайдаланушылардың, халықаралық донорлардың, табиғат пайдаланушылардың және өзге де бастамашыл топтардың күшімен орман отырғызу көзделген.
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде облыстар бойынша ағаш отырғызу көлемдері ғылыми ұсынымдар мен орман өсіру талаптарына сәйкес жоспарланғанын атап өткен жөн.
2 млрд ағаштың ішінде Сексеуіл (шамамен 610 млн дана), қарағай (555 млн данадан астам), үйеңкі (193 ммлн данадан астам), шегіршін (132 млн данадан астам), қайың (100 млн данадан астам) және басқа да тұқымдар отырғызу жоспарлануда.
Ағаштардың басым бөлігін әкімдіктердің күшімен (1 539,7 млн.дана) отырғызу жоспарлануда, орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлардың үлесіне тиісінше 208,5 млн дана, КЛХЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының үлесіне – 251,8 млн дана ағаш келеді.
Жобаны қаржыландыру үшін 5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд теңге бөлуді талап етеді.
Брифинг барысында спикер еліміздің орман қорын тиімді қорғауға және дамытуға ықпал ететін жаңа жобаны іске асыру туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта орман екпелерін отырғызу мониторингі және бақылау бойынша интерактивті карта құру мәселесі пысықталуда.
Бүгінгі таңда орман өрттерін, орман қорындағы заңсыз ағаш кесу мен құрылыстарды бақылау платформасы жұмыс істейді. Оның аясында интерактивті картаны енгізу жоспарланған.
Бұл карта келесідей мүмкіндіктер береді:
- орман алқаптарының цифрлық карталары негізінде орман мекемелерінің орамдық желісіне байланыстыра отырып, құрылған орман екпелерінің учаскелері, алаңдары және тұқымдық құрамын анықтауға;
- 5 жылдық кезеңге арналған ықтимал орман отырғызу учаскелерін бақылауға.
Интерактивті картаға, оның ішінде мобильді құрылғылар арқылы тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігі көзделетін болады.
Бұл жоба Қаржы министрлігі тарапынан қолдау тауып отыр.