Бірақ, бұл дозаларға Ресейден келетін сертификаттар кешіктіріліп жатыр. Сертификаттар 16-18 маусымда жеткізіледі деп күтіліп отыр.
«Биылғы 1 ақпаннан бері Атырау облысына «Спутник V», «Qazvac» «Hayat-Vax» вакциналарының ІІ компоненті үшін 32 350 доза сертификаттарымен жеткізілді. Қазір бұл компонентті 23 505 адам салдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Коронавирусқа қарсы вакциналардың ІІ компонентін алғандар арасында 2 298 педагог, 608 полицей, 208 студент, медицина саласының 2 601, арнайы мекемелердің 95, құқық қорғау органдарының 1 578 қызметкері бар. Сондай-ақ 419 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 243 адам мен жергілікті 15 455 тұрғын салдырған.