Өнер • 15 Маусым, 2021

Қазақстанда алғаш рет Ресей фильмдерінің фестивалі өтеді

570 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстандағы алғаш рет Russian Film Festival онлайн форматта  өткізілмек. Қазақстандық көрермендер соңғы жылдары шыққан көркем, анимациялық және деректі картиналарды алғаш рет тамашалайды, олардың көпшілігі ресейлік және шетелдік фестивальдерде жүлделеге ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда алғаш рет Ресей фильмдерінің фестивалі өтеді

Қазақстандағы Russian Film Festival РОСКИНО-ның РФ Мәдениет министрлігімен бірігіп ұйымдастырған онлайн-фестивальдар сериясының жалғасы болмақ. Фестиваль Қазақстанда Okko мультимедиялық сервисімен коллаборацияда өтеді және ТМД аумағындағы ресейлік кинематографқа арналған алғашқы шара болғалы тұр.

Қазақстандағы Russian Film Festival бағдарламасына енген фильмдер 21 маусым мен 11 шілде аралығында Okko платформасының жаңа қолданушылары үшін фестиваль уақытында тегін көрсетіледі. 

RFF аясында 77-ші Венеция кинофестиваліне қатысып, қазылар алқасының арнайы сыйлығымен марапатталған Андрей Кончаловскийдің жаңа фильмі «Дорогие товарищи» және 2002 жылы Мәскеуде Дубровкадағы Театр орталығында болған теракттан алған жарақат пен қайғы туралы Иван Твердовскийдің «Конференция» фильмі көрсетіледі.

Көрермендер бас рольдерде Светлана Ходченко және Стася Милославская ойнайтын, болған оқиғаларға негізделген «На острие» спорттық экшн-драмасын, Рената Литвинованың костюмді қиял-ғажайып «Северный ветер» ертегісі мен «Серебряные коньки» атты тарихи мелодрамасын тамашалайды. Бағдарламада сонымен бірге отбасылық қызықты «Пальма» фильмі мен Михайил Сегалдың «Глубже!» жаңа комедиясы бар. Анимациялық бағдарлама әйгілі «Белка и Стрелка: Карибская тайна» мультфильмін ұсынады. Russian Film Festival бағдарламасына тұңғыш рет қоңыр аюлар өмірінің алғашқы жылы туралы баяндайтын «Медведи Камчатки. Начало жизни» деп аталатын фильм, 2019 жылы «Үздік ойынсыз фильм» номинациясында «Золотой орел» киномарапатына ие болған.

«Ресей мен Қазақстанды бұрыннан келе жатқан мәдениет, өнер, білім саласындағы қатынастар біріктіріп тұр. Біздің елдеріміздің Мәдениет министрліктері өнердің түрлі салаларында әріптестік орнату үшін қолайлы жағдайлар жасай білді. Үздіксіз мәдени алмасу Қазақстандағы Ресей күндері және Ресейдегі Қазақстан күндері арқылы, фестивальдар мен шығармашылық ұжымдардың гастрольдері арқылы нығайып отырады. Russian Film Festival кинематография саласындағы қарым-қатынастарды нығайтып, біздің индустрияда жаңа мәдени және іскерлік байланыстар орнатуға ықпал ететін шара болатынына қуаныштымын», - деді РОСКИНО бас директоры Евгения Маркова.

«Қазақстандағы Russian Film Festival – ТМД-дағы біздің алғашқы онлайн-фестиваліміз. Біз мазмұны бай және ұсынысымызды үлкен ынтамен қабыл алған Okko сервисімен әріптестіктің басталғанына аса қуаныштымыз. Біз біріге отырып, Қазақстан тұрғындары үшін алғаш рет онлайн түрде ұсынылатын жаңа ресейлік релиздердің жан-жақты бағдарламасын жинадық. Одан өзге, біз көрермендерге фильмдеріміздің кейіпкерлері мен авторларын жақынырақ тануға мүмкіндік беретін бірқатар қызықты шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Аңдатпаларды Okko және RFF әлеуметтік желілерінен бақылап отырыңыз», деді Russian Film Festival продюсері Игорь Хомский.

«Бізге сенім артқаны үшін және Қазақстанда Russian Film Festival өткізуге эксклюзивті диджитал-алаң ретінде шығуға мүмкіндік бергені үшін біз РОСКИНО-дағы әріптестерімізге алғыс айтамыз. Үздік европалық киноны Ресейде таратуға бағытталған ірі онлайн-фестивальдер өткізуден біздің оңтайлы тәжірибеміз бар: европалық кино Фестивалі, Франкофония фестивалі. Сондықтан біз ресейлік кинематографты ТМД елдерінде жүргізу бойынша үлкен жобаның бір бөлшегі болғанымызға ризамыз. Біз мұны Ресейдегі бүкіл киноиндустрия үшін маңызды оқиға деп санаймыз және тек Ресейдегі Okko қолданушыларына қолжетімді болған ресейлік кинематографтың үздік үлгілерін Қазақстанда барынша көбірек көрерменнің тамашалауы үшін бар күшімізді саламыз», деді Okko мультимедиялық сервиссінің бас директоры Максим Евдокимов.