«Біздің аймақтағы тасбақалар сирек болмаса да, кездесіп тұрады. Бірақ, Жайық өзенінен алғаш рет көрдім», деп таңданысын жасырмайды Юлия Вахмистрова.
Тасқабақалар жергілікті табиғат жанашырларын да таңдандырып отыр.
«Біз мұндай тасбақаларды Маңғыстау өңіріндегі Саура шатқалында кездестірген едік. Онда тасбақаның тіршілік етуіне қолайлы орта бар. Ал, мына тасбақалар қала маңындағы Перетаска өзекшесінен келуі әбден мүмкін. Себебі, соңғы кезде оны тазарту қолға алынбады. Қамыс өсіп, батпаққа айналды. Бұл батпақта жүретін тасбақаға ұқсайды», дейді «Глобус» экологиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Чернова.